Джереми Кларксон өзіне қатерлі ісік диагнозы қойылғанын айтты
Танымал Top Gear шоуының бұрынғы жүргізушісі, британдық тележүргізуші Jeremy Clarkson өзіне қатерлі ісіктің агрессивті түрі диагнозы қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. Dailymail. сілтеме жасап.
Ол бұл туралы Clarkson's Farm бағдарламасының түсірілімі кезінде айтып, аурудың ерте сатысында анықталғанын жеткізді. Кларксонның сөзінше, оған биопсия жасалып, кейін қатерлі ісік диагнозы расталған.
Тележүргізуші жақын арада ота жасататынын және біраз уақыт жұмысынан қол үзетінін айтты. Соған қарамастан, ол ем қабылдаумен қатар жобаларын жалғастыруға ниетті.
Айта кетейік, 2024 жылы Кларксон жүрек тұсындағы ауырсынуға байланысты ауруханаға түскен. Дәрігерлер оның артерияларының бірі толық бітеліп қалғанын анықтап, стент орнатқан болатын.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз