Австралияда «Нарелл» циклоны: аспан қан қызыл түске боялды
Тропикалық «Нарелл» циклоны Австралияның Гаскойн жағалауына айтарлықтай залал келтірді. Карнарвон қаласында табиғи құбылыс салдарынан аспан қан қызыл түске боялған, деп хабарлайды ZontNews.kz The New Daily басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, циклон жұма күні Корал-Бей маңындағы жағалауды кесіп өтіп, 3-санатқа дейін күшейген. Кейін ол Карнарвонға қарай бағыт алып, шаң-тозаң аралас күшті дауыл тудырған.
Бірнеше сағат бойы өңірді қызғылт шаң басып, аспан ерекше қызыл түске енген. Кейбір елді мекендерде көріну деңгейі айтарлықтай төмендеген.
Shark Bay Caravan Park кемпингі жариялаған бейнежазбада шаң-тозаңның тым қалың болғаны, тіпті көз бен ауызға дейін кіргені айтылған.
Муниципалитет басшысы Эдди Смиттің сөзінше, Карнарвон қаласын екі сағат бойы қызғылт шаң аралас дауыл қоршап тұрған. Желдің жылдамдығы сағатына 100 км-ден асып, жағдайды одан әрі күрделендірген.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз