Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    16°C
    • Астана
      19°C
Ру

Ақ үй кешінде дүрбелең: атыс дабылы кезінде Трамп пен қонақтар эвакуацияланды

Фото көзі: : Yuri Gripas/Abaca/Bloomberg via Getty Images
ZontNews.kz
Сәуір 27, 2026, 9:13 Т.Ж.
0
12

АҚШ президенті Дональд Трамп, оның жұбайы және әкімшілік өкілдері, сондай-ақ Конгресс мүшелері Ақ үй тілшілер қауымдастығының дәстүрлі кешкі асы барысында шұғыл түрде эвакуацияланды. Бұған ғимарат маңынан естілген атыс дауысы себеп болған, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген. АҚШ-тың Құпия қызметі мен құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, қатысушыларды қауіпсіз жерге шығарды және жағдайды бақылауға алды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға кезінде көптеген адам үстелдердің астына тығылған.

Инцидент Hilton Washington DC National Mall The Wharf қонақүйінде болған. Бұл жерде жыл сайын саясаткерлер, журналистер мен қоғам қайраткерлері бас қосатын дәстүрлі кеш ұйымдастырылады. Биылғы кеш White House Correspondents' Association ұйымдастыруымен өтті.

Айта кетейік, бұл шара жыл сайын билік пен БАҚ арасындағы қарым-қатынастың бейресми алаңы ретінде қарастырылғанымен, соңғы жылдары оның мәні жиі сынға ұшырап келеді. Мәселен, The New York Times басылымы секілді бірқатар медиа ұйымдар мұндай кездесулерге қатысудан бас тартқан.

Кеш қарсаңында 500-ге жуық бұрынғы журналист сөз бостандығына қысым көрсетуге қарсы қатаң үндеу жариялаған. Соған қарамастан, көптеген репортер бұл кешті кәсіби байланыстар орнатуға мүмкіндік беретін маңызды алаң деп есептейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз