Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Жазира Байырбекова театр ашу үшін 16 миллион долларлық ұшағын сатылымға шығарды

Фото көзі: : Әлеуметтік желіден
ZontNews.kz
Қаз. 22, 2026, 4:50 Т.Қ.

Әнші Жазира Байырбекова "Әгугәй" ансамбліне театр ашу үшін ұшағын сатылымға шығарды, деп жазады ZontNews.kz

Өнер иесі бұл жаңалығын Instagram парақшасында жариялады. Ол ұшақты сатып алғысы келетіндерді ансамбльдің парақшасына кіріп, танысуға шақырды. Хабарландыруда әуе кемесінің бағасы 16 миллион доллар деп көрсетілген.

"Театрды ашу үшін самолетімізді сатамыз деп шештік. Алғысы келетіндер ансамбльдің парақшасына тіркеліңіздер!" – деп жазды әнші.

Бұл оқырман үшін күтпеген жаңалық болды. Желі қолданушылары әншілердің ұшақ сатып алатындай табыс тапқанына таңғалысын жасырмаған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз