Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -2°C
Ру

Қайрат Нұртас концертіндегі кептеліс: ұйымдастырушы изоляторға қамалды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қаз. 13, 2026, 9:45 Т.Ж.

Шымкентте Қайрат Нұртастың концерті кезінде болған жаппай кептеліске байланысты тергеу жалғасып жатыр. Іс бойынша ұсталған ұйымдастырушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Шымкент прокуратурасының мәліметінше, күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы әзірге таңдалмаған. Ал концерт кезінде зардап шеккен 18 жастағы қыздың жағдайы әлі де ауыр.

Қылмыстық істі қалалық Тұран аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр. Күдіктінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 306-бабының 2-бөлігі – қызмет көрсету кезінде қауіпсіздік талаптарын бұзу бойынша сараланған.

Бұл құқық бұзушылық үшін 5 мың АЕК-ке дейін, яғни шамамен 21,6 миллион теңге көлемінде айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Заң бойынша күдікті 48 сағатқа дейін ұсталуы мүмкін. Осы мерзім аяқталғанға дейін тергеу судьясы оны қамауда ұстауға санкция беру немесе одан бас тарту туралы шешім қабылдауға тиіс. Қамауға алу мақұлданбаған жағдайда басқа бұлтартпау шарасы белгіленуі мүмкін.

Прокуратура өкілдері тергеу судьясы бұл мәселені әзірге қарамағанын мәлімдеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз