Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    29°C
    • Астана
      20°C
Ру

Жоғалған адамды іздеуде дрондар мен камералар қолданылуда

Фото көзі: ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 13, 2026, 5 Т.Қ.

Маңғыстау облысында жыл басынан бері полиция қызметкерлері жоғалған 200-ден астам азаматты тауып, жақындарымен қауыштырған, деп хабарлайды  ZontNews.kz. 

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күн сайын құқық қорғау органдарына адамдардың жоғалғаны туралы хабарламалар түседі. Кей күндері мұндай өтініштердің саны 10-нан асады. Әрбір хабарлама тіркелген сәттен бастап бақылауға алынып, іздестіру жұмыстары бірден басталады.

Іздеу шараларына криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, патрульдік полиция өкілдері, жедел қызмет мамандары және еріктілер қатысады. Қажет болған жағдайда бейнебақылау камералары, дрондар және басқа да заманауи құралдар қолданылады.

Полиция азаматтарды адам жоғалған жағдайда уақыт күтпей, бірден «102» нөміріне немесе жақын маңдағы полиция бөліміне хабарласуға шақырды. Ведомствоның айтуынша, дер кезінде берілген ақпарат іздеу жұмыстарын жеделдетіп, жоғалған адамды аман-есен табу мүмкіндігін арттырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз