Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    31°C
    • Астана
      22°C
Ру

Зайсанда 15 жастағы жасөспірім әйелді балталап өлтірді деген ақпарат тарады: полиция не дейді?

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Қыр. 16, 2026, 12:17 Т.Қ.

Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданында 15 жастағы жасөспірім әйелді балтамен өлтірді деген ақпарат әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Желі қолданушылары қылмысты атышулы «Синий кит» интернет-ойынымен байланыстыруда. Алайда полицияның ресми хабарламасында мұндай байланыс туралы ақпарат жоқ, деп хабарлайды ZontNews.kz. Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Threads желісінде тараған жазба авторы оқиға шамамен бір апта бұрын болғанын мәлімдеген. Оның айтуынша, 9-сыныпта оқитын 15 жастағы жасөспірім мүгедектігі бар әйелге шабуыл жасаған.

Жазбада жасөспірімге «Синий кит» ойыны арқылы мұғалімді өлтіру туралы тапсырма берілгені, ал ол мұғалімнің орнына өмірде қиналып жүрген басқа адамды таңдағаны айтылған. Автор оқиғаның егжей-тегжейін де жазып, әйелдің соңынан аңдып барып, үйінің кіреберісінде балтамен шабуыл жасалғанын мәлімдеген.

Алайда бұл мәліметтердің ешқайсысы әзірге полицияның ресми хабарламасында расталған жоқ.

Желі қолданушысы қылмыс кездейсоқ өтіп бара жатқан көліктің камерасына түсіп қалғанын, ал күдіктіге қатысты сот процесі жүріп жатқанын да жазған.

Осы ақпаратқа байланысты Stan.kz тілшісі Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментіне хабарласқан.

Полиция Зайсан ауданында адам өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растады.

«Аталған факті бойынша Зайсан аудандық полиция бөлімі Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктіге қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлады полиция.

Ведомство тергеу барысында істің толық, жан-жақты әрі объективті жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған процессуалдық әрекеттер атқарылып жатқанын мәлімдеді.

Сонымен қатар полиция Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге ақпараттың жария етілмейтінін атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз