Threads-тегі «қаржылық кездесулер» көбейді
Threads әлеуметтік желісінде «қаржылық кездесулер» ұсынатын жазбалар көбейіп кетті. Хабарландыру авторлары кездесудің құны мен орнын көрсетіп, қызығушылық танытқан адамдарды жеке хабарласуға шақырады, деп хабарлайды ZontNews.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жағдай әлеуметтік желі қолданушылары арасында талқыланып, жазбалардың «Қыздар.нет» сайтының бұғатталуымен байланысы болуы мүмкін деген болжам айтылды.
Алайда Қазақстанның Ішкі істер министрлігі бұл екі жағдайдың арасында тікелей байланыс барын растамады.
ІІМ әлеуметтік желілердегі жарияланымдарға тұрақты түрде мониторинг жүргізілетінін хабарлады. Құқыққа қайшы қызмет белгілері анықталған жағдайда, тиісті тексеру жүргізіліп, заңда көзделген шаралар қабылданады.
Ведомствоның мәліметінше, жарияланымның болуы өздігінен қылмыс немесе құқықбұзушылық болып саналмайды. Құқықтық баға оның мазмұны мен нақты жағдайларға байланысты беріледі.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз