Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    30°C
    • Астана
      21°C
Ру

Сүлейменов: Жазда бірыңғай QR жүйесі іске қосылады

Фото көзі: : Еуразиялық экономикалық комиссия.
ZontNews.kz
Маусым 26, 2026, 11:25 Т.Ж.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін журналистерге биылғы жазда жүзеге асырылатын негізгі қаржылық жобалар туралы айтты, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Оның сөзінше, алдағы айларда халық көптен күткен бірыңғай QR төлем жүйесі іске қосылып, цифрлық теңгені дамыту жұмыстары жалғасады.

– Жазда міндетті түрде қолға алатын маңызды жобалардың бірі – бірыңғай QR жүйесін іс жүзінде енгізу. Сонымен қатар цифрлық теңгені дамыту жалғасады. Үкіметпен бірлескен жоспарға сәйкес, оның айналым көлемін бір триллион теңгеге дейін жеткізу көзделген, – деді Тимур Сүлейменов.

Ұлттық банк басшысы бұл жобаларға қатысты алдағы уақытта арнайы баспасөз мәслихаты ұйымдастырылуы мүмкін екенін жеткізді.

Сүлейменов мемлекеттік қарыз көлемімен салыстырғанда бірнеше миллиард теңгенің айтарлықтай әсер етпейтінін де атап өтті.

– Миллиард, екі, үш, бес немесе он миллиард теңге – көптриллиондық мемлекеттік қарыз ауқымында өте аз сома, – деді ол.

Сондай-ақ Ұлттық банк төрағасы ел экономикасында күрделі өзгерістер күтілмейтінін айтып, халықты алаңдамауға шақырды.

– Ешқандай сілкіністер күтіп тұрған жоқ. Қазақстандықтар алаңсыз демала алады. Ал біз үшін жұмыс әдеттегідей жалғасады, – деді Тимур Сүлейменов.
Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз