Бейсенбі, 6 Тамыз 2026 г.

$ 469.85
542.16
5.78
  • Алматы
    29°C
    • Астана
      25°C
Ру

Психологтардың мемлекеттік тізілімі енгізіледі

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 25, 2026, 6 Т.Қ.

Қазақстанда психологтардың мемлекеттік тізілімі құрылмақ. Сенат «Психологиялық қызмет туралы» заңды мақұлдап, психологиялық көмек көрсету саласына жаңа талаптар енгізді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Жаңа заңға сәйкес, мемлекеттік тізілімге енгізілген мамандар ғана психологиялық қызмет көрсетіп, өздерін психолог деп атай алады. Тізілімге жоғары білімі, тиісті дипломдары және кәсіби біліктілігін растайтын құжаттары бар мамандар енгізіледі.

Сенатор Әсем Рахметованың айтуынша, соңғы жылдары өзін психолог немесе коуч ретінде таныстырып, кәсіби дайындығы жоқ адамдар көбейген. Соның салдарынан көптеген азаматтар сапасыз қызмет алып, алаяқтықтың құрбаны болған.

Заң аясында психологтарға арналған бірыңғай кәсіби стандарт пен этика кодексі енгізіледі. Сондай-ақ мамандарды кезең-кезеңімен сертификаттау қарастырылған. Психологиялық көмек көрсету барысында тек ғылыми негізделген және дәлелденген әдістерді қолдану талап етіледі.

Құжатта психологтарға медициналық қызметпен айналысуға және дәрі-дәрмек тағайындауға тыйым салу нормасы да бар.

Депутаттардың айтуынша, жаңа заң азаматтарды біліктілігі расталмаған мамандардан қорғауға және психологиялық қызмет сапасын арттыруға бағытталған.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанның 43 жоғары оқу орнында психолог мамандар даярланады. Ел бойынша осы бағытта шамамен 17 мың студент білім алып, жыл сайын 4 мыңға жуық түлек диплом алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз