Сейсенбі, 11 Тамыз 2026 г.

$ -
-
-
  • Алматы
    30°C
    • Астана
      28°C
Ру

Прокурор Шерхан Аймаханды өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады

Фото көзі: : Ulysmedia
ZontNews.kz
Там. 11, 2026, 4:20 Т.Қ.

Шымкентте Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша соттағы жарыссөз басталды, деп хабарлайды ZontNews.kz 

Мемлекеттік айыптаушы Шерхан Аймаханды адам ұрлау, адам өлтіремін деп қорқыту және аса қатыгездікпен адам өлтіру баптары бойынша кінәлі деп тануды сұрап, оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етті.

Енді жарыссөз кезінде процеске қатысқан басқа тараптар өз ұстанымдарын білдіреді.

Бұған дейінгі сот отырыстарының бірінде Нұрайға жасалған шабуылдың видеосы көрсетілген. Сот-медициналық сараптама барысында марқұмның денесінен 35 жарақат анықталғаны айтылды. Сарапшының мәліметінше, жарақаттардың барлығы қыздың көзі тірісінде салынған, ал кейбірінің тереңдігі 7-8 сантиметрге дейін жеткен.

Шерхан Аймахан Нұрайдың өліміне қатысын мойындағанымен, қылмыс кезінде аффект жағдайында болғанын мәлімдеген. Сондай-ақ ол Нұрайдың өзіне бірінші болып пышақ жұмсағанын айтқан.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Аймахан қызды өлтірмес бұрын аңдыған. Ол Нұрайды ұрлап әкетіп, өзіне тұрмысқа шығуға мәжбүрлемек болды деген айып тағылып отыр. Туыстарының араласуынан кейін жоспарланған той өтпегенімен, сотталушы Нұрайды аңдуын жалғастырған.

Іс материалдарында Аймаханның бір күні Нұрайға 76 рет қоңырау шалғаны көрсетілген.

Марқұмның отбасы сотталушыдан 10 млрд теңге моральдық және 14 млн теңге материалдық шығын өндіруді талап етіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз