Паттайяда 17 жастағы қыздың мәйіті чемоданнан табылды
Таиландтың Паттайя қаласында 17 жастағы қызды өлтірді деген күдікпен Австралия азаматы ұсталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Тергеу мәліметінше, 46 жастағы Саймон Питер Карман 26 маусым күні кешке Австралияға ұшпақ болған кезде Суварнабхуми әуежайында қолға түскен.
Белгілі болғандай, 24 маусымда 17 жастағы Тунчанок Донхомла құрбысымен бірге Паттайяға келген. Кейін ол австралиялық азаматпен танысып, екеуі бірге ер адамның жалдап тұрған пәтеріне барған. Бейнебақылау жазбаларына сәйкес, одан кейін бөлмеден тек күдікті ғана шыққан.
Қыз байланысқа шықпай қойған соң, құрбысы полицияға хабар берген. Тергеу барысында қонақүйдің бейнекамераларынан күдіктінің ғимараттан үлкен қара чемодан алып шыққаны, оны мотоциклге тиеп әкеткені анықталған.
Жергілікті БАҚ мәліметінше, кейін қыздың мәйіті сол чемоданнан табылған. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз