Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    16°C
    • Астана
      19°C
Ру

Қоғамды алаңдатқан 274-бап: БАҚ өкілдері не талап етуде?

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Сәуір 23, 2026, 11:44 Т.Ж.
0
14

Алматыда бір топ журналист тағы да билікке үндеу жасап, Қылмыстық кодекстегі «көрінеу жалған ақпарат тарату» туралы 274-бапты алып тастауды талап етті. Олардың айтуынша, бұл норма соңғы уақытта журналистерге қысым көрсету құралына айналған, деп хабарлайды ZontNews.kz. 

Журналист Марат Асипов баптың нақты шекарасы жоқ екенін айтып, «қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді» деген тұжырымның қалай қолданылатыны түсініксіз екенін сынға алды. Оның сөзінше, бұл тергеушілерге кең мүмкіндік беріп, журналистердің қамауға алынуына әкеліп отыр.

Ал Қарлығаш Еженова қазіргі жағдайда журналистердің өзін-өзі цензуралауы күшейгенін айтады. Тіпті айқын фактілерді жариялаудың өзі қиынға айналған.

Журналист Лұқпан Ахмедияров бұл бап бойынша қозғалған істердің жабық жүргізілуі мәселені ушықтырып отырғанын жеткізді. Оның пікірінше, «құпиялық туралы» қолхат журналистерді ақпараттық вакуумға түсіріп, өздерін қорғау мүмкіндігін шектейді.

Үндеу Ақпарат министрлігі, Бас прокуратура, Жоғарғы сот, парламент және Президент әкімшілігіне жолданған. Бұл – журналистер тарапынан айтылып отырған алғашқы талап емес. Бұған дейін де елордада бір топ журналист Қасым-Жомарт Тоқаев атына осындай өтініш жасаған.

Еске салсақ, былтыр заңгерлер мен медиа өкілдері 274-бапты қылмыстық емес, әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстыруды сұрап, петиция жариялаған.

Қазір осы бап бойынша бірнеше журналист, соның ішінде Гүлнара Бажкенова, Ботагөз Омарова және Әмір Қасенов үйқамақта отыр.

Айта кетейік, сәуір айының басында Мәдениет және ақпарат министрлігі бұл бапты жұмсарту немесе декриминализациялау мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеген. Алайда нақты қандай шешім қабылданатыны әзірге белгісіз.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз