Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026 г.

$ 446.94
513.27
5.31
  • Алматы
    31°C
    • Астана
      22°C
Ру

«Наурыз», «Отау» әлде «Жас отбасы»: қай ипотека тиімді?

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Шілде 23, 2026, 11:15 Т.Ж.

Қазақстанда жас отбасыларға баспана алуға арналған бірнеше ипотекалық бағдарлама бар. Бұл туралы  ZontNews.kz. BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ең қолжетімді нұсқалардың бірі – «Жас отбасы» бағдарламасы. Ол ресми некеге тұрғанына бес жылдан аспаған ерлі-зайыптыларға арналған. Бағдарлама бойынша тұрғын үй құнының 50%-ын жинаған жағдайда несие 5–6% мөлшерлемемен беріледі.

Ал алғашқы жарнасы аз азаматтарға «Наурыз» және «Отау» бағдарламалары тиімді. Бұл бағдарламаларда бастапқы жарна 10–20%-дан басталады, ал несие мөлшерлемесі 7–9% аралығында.

Сонымен қатар жастар «Алматы жастары», «Елорда жастары», «Алатау жастары» секілді өңірлік ипотекалық бағдарламаларға қатыса алады. Олар негізінен 35 жасқа дейінгі дәрігерлерге, мұғалімдерге, журналистерге, мемлекеттік қызметкерлерге және басқа да әлеуметтік маңызды мамандық иелеріне арналған.

Сарапшылар ипотека таңдағанда тек пайыздық мөлшерлемеге емес, отбасының табысына, алғашқы жарна көлеміне және ай сайынғы төлем мүмкіндігіне назар аударуға кеңес береді. Сондай-ақ несие тарихын таза ұстаудың маңызы ерекше екені айтылды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз