Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Мұхтар Жәкішев қызының ұзату тойын Алматыда өткізді

Фото көзі: : Ult.kz
ZontNews.kz
Маусым 8, 2026, 11:15 Т.Ж.

Қазақстандық кәсіпкер Мұхтар Жәкішев қызы Алтынайдың ұзату тойын Алматыда өткізіп, қуанышты сәтті жақындары мен достарымен бөлісті. Мерекеге Ұлыбританиядан арнайы келген құдалар да қатысты.

Бұған дейін жас жұбайлардың Лондонда жақын туыстарының қатысуымен ресми неке қию рәсімін өткізгені белгілі болған еді. Ал Алматыдағы ұзату тойында қонақтар қазақтың салт-дәстүрімен танысып, ерекше атмосфераға куә болды.

Белгілі кәсіпкер Болат Әбілов жас жұбайларды құттықтап, күйеу жігіт Карлдың білімді, табысты әрі спортқа жақын азамат екенін атап өтті. Оның айтуынша, ең бастысы – Карлдың Алтынайға деген қамқорлығы мен сыйластығы анық байқалады.

Алтынай Жәкішева Лондонда тұрады және сән индустриясында модель болып жұмыс істейді. Ал оның жары Карл Оби Манчестер университетінің түлегі, қазіргі таңда инвестициялық менеджер қызметін атқарады.

Ұлыбританиядан келген қонақтар Алматының көрікті жерлерін аралап, қазақ мәдениетімен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз