"Кыздар.Нет" ісі: топ жетекшісі 10 жылға сотталды
Солтүстік Қазақстан облысында Қазақстанда алғаш рет тыйым салынған "Кыздар.Нет" сайты арқылы жеңгетайлыққа жәрдемдескендерге қатысты үкім шығарылды. Бұл туралы ZontNews.kz. облыстық прокуратураға сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметінше, ұйымдасқан трансұлттық топ ақылы интим қызмет көрсететін адамдардың сауалнамаларын сайтта жариялап, белгіленген тариф арқылы жарнамалаумен айналысқан.
2026 жылғы 19 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты іс бойынша үкім шығарды. Прокуратураның мәліметінше, бұл – елімізде "Кыздар.Нет" сайты арқылы жеңгетайлыққа жәрдемдескені үшін шыққан алғашқы сот үкімі.
Сот трансұлттық ұйымдасқан топтың барлық алты мүшесін кінәлі деп таныды. Топ жетекшісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған бес қатысушының әрқайсысы 8 жылға сотталды.
Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз