Әкесіне құран бағыштап қайтқан жігітті ауылдастары өлтірген
Талғар ауданында әкесіне құран бағыштап, бейіт басынан қайтып келе жатқан 24 жастағы азаматты ауылдастары пышақтап өлтірді. Марқұмның артында жұбайы мен екі қызы қалды, деп хабарлайды ZontNews.kz. КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна дерегінше, Нұра ауылының тұрғыны інісімен бірге зиратқа барған. Қайтар жолда көлікке байланысты жанжал туындап, жолды бөгеп тұрған азаматтармен арада кикілжің шыққан. Марқұм жанжалды ушықтырғысы келмегенімен, күдіктілер оны үйіне дейін қуып барып, көліктен түскен сәтте кеуде тұсына пышақ сұққан деген мәлімет айтылды.
Полиция Нұра ауылының үш тұрғынын күдікті ретінде ұстаған.
Алматы облысы полиция департаменті ресми өкілі Ернар Сайділдиннің айтуынша, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жан-жақты тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазір куәгерлер мен оқиғаға қатысы бар адамдардың жауаптары тексерілуде.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз