Қажылыққа апарамыз деп 60 млн теңге жинағандар сотталды
Астананың екі тұрғыны әлеуметтік желі арқылы Сауд Арабиясының Мекке және Мәдина қалаларына қажылық сапарын ұйымдастыратынын жарнамалап, азаматтардан ақша жинаған, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Астана қаласының прокуратурасы мәліметінше, олардың уәдесіне сенген 37 адам жалпы 60 млн теңге берген. Алайда күдіктілер жиналған қаражатты қажылықты ұйымдастыруға емес, жеке қажеттіліктеріне жұмсаған.
Сот үкімімен екі азаматтың әрқайсысына 4 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Жәбірленушілердің материалдық шығынды өтеу туралы талаптары толық қанағаттандырылды.
Сот шешімі әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Прокуратура азаматтарды діни сапарларды ұйымдастыру кезінде қызмет көрсетушілердің заңдылығын мұқият тексеріп, күмәнді тұлғаларға ақша бермеуге шақырды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз