Бейсенбі, 5 Қараша 2026 г.

$
€
₽
  • Алматы
    8°C
    • Астана
      -1°C
Ру

Қазақстанда жүзден асқан 44 қария

Фото көзі: : https://www.shutterstock.com/
ZontNews.kz
Қыр. 30, 2026, 4:40 Т.Қ.

1 қазанда Қазақстанда Қарттар күні аталып өтеді. Бұл – аға буынның өмірлік тәжірибесін, еңбегін және ел дамуына қосқан үлесін дәріптейтін ерекше күн, деп хабарлайды ZontNews.kz.  

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, елімізде 2,4 миллионнан астам адам зейнетақы алады. Олардың 64 пайызы – әйелдер, 36 пайызы – ерлер.

Қазақстанда 100 жастан асқан 44 зейнеткер тұрады. Ең қарт зейнеткер – Шымкент қаласында тұратын 106 жастағы кейуана.

Ерлер арасындағы ең қарт зейнеткер – Алматы тұрғыны, 104 жастағы Зұлқарнай Сейітов. Ол – Ұлы Отан соғысының ардагері, биология ғылымдарының докторы, профессор және академик. Майдангер Сталинград шайқасынан Берлинге дейін жеткен.

Соғыстан кейін Зұлқарнай Сейітов өмірін ғылым мен педагогикаға арнады. Оның 150-ден астам ғылыми еңбегі, монографиясы мен оқу құралы жарық көрген.

Ардагер «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Отан соғысы» ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» және «Ерлігі үшін» медальдарымен марапатталған.

Ғасыр жасаған қазақстандықтардың өмір жолы – бірнеше дәуірдің тарихын қамтитын құнды өнеге. Олардың еңбегі, қайсарлығы мен жетістіктері еліміздің дамуына елеулі үлес қосты.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз