Қазақстанда өкпе обырын анықтауға арналған тегін скрининг басталады
Қазақстанда өкпе обырын ерте анықтауға бағытталған жаңа тегін скрининг бағдарламасы іске қосылады. Тексеруден тәуекел тобына кіретін азаматтар екі жылда бір рет өте алады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Денсаулық сақтау министрлігі жаңартқан скрининг қағидаларына сәйкес, өкпе обырын анықтауға арналған тексеру алғаш рет 28 шілдеден бастап жүргізіледі.
Скринингке 50-ден 70 жасқа дейінгі, яғни 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68 және 70 жастағы, өкпе обыры бойынша диспансерлік есепте тұрмайтын азаматтар қатыса алады.
Тегін тексеру ең алдымен жоғары қауіп тобына жататын адамдарға арналған. Оларға 20 жылдан астам уақыт темекі шеккен немесе бұрын шеккен, темекіні қойғанына 15 жылдан аспаған азаматтар жатады.
Сондай-ақ соңғы 10 жыл бойы зиянды еңбек жағдайында жұмыс істеген адамдар да скринингтен өте алады.
Министрлік өкілдерінің айтуынша, бағдарламаның негізгі мақсаты – өкпе обырын ерте кезеңде анықтап, дер кезінде ем жүргізу арқылы аурудың салдарын азайту.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз