Каспийдегі оқиға туралы жалған ақпарат таратқандар жазаланды
Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғаға байланысты жалған ақпарат таратқан төрт қазақстандыққа айыппұл салынды. Бұл туралы полиция жазды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Маңғыстау облысында болған оқиғадан кейін әлеуметтік желілерде түрлі ақпарат тараған. Кейбір жазбаларда әскери қызметкердің аман қалғаны, оқиғаның шынайы жағдайы жасырылып отырғаны және басқа да сарбаздардың қаза болғаны жазылған.
Полиция мұндай ақпарат таратқан төрт адамның кім екенін анықтады.
Екі әйел Facebook желісінде әскери қызметкер А.А. туралы расталмаған мәлімет жариялаған. Олар әскери қызметкердің суға батып бара жатқан адамды құтқарып, кейін өзі жағаға шыққаны туралы жазған.
Алайда Қорғаныс министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Министрлік мәліметінше, А.А. оқу-жаттығу кезінде жағалауда болған және жоспарға сәйкес тапсырмаларын орындаған.
Шымкент пен Көкшетаудың тағы екі тұрғыны қаза болған әскери қызметкерлер туралы ақпараттың жасырылып отырғанын жазған.
Тергеу барысында кейбір авторлар ақпаратты туыстарынан естігенін немесе әлеуметтік желіден көріп, тексермей бөліскенін айтқан.
Сот төрт адамды да әкімшілік жауапкершілікке тартты. Олардың әрқайсысына 20 АЕК, яғни 86 500 теңге көлемінде айыппұл салынды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз