Балаларын жетім қалдырған жол апаты
Әлеуметтік желіде Алматы облысында полиция қызметкері әйелін көлікпен қағып өлтірді деген ақпарат тарады. Аталған дерекке байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ZontNews.kz. облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.
Telegram желісіндегі Kozachkov offside арнасында жарияланған мәліметте Балқаш аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары жолда әйелін қағып кеткені айтылған.
Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 37 жастағы ер адам күдікті ретінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ведомство оның полиция қызметкері екенін растады.
Оқиға салдарынан әйел алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмған.
Полиция департаменті аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ қылмыстық іс облыстық полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында екені атап өтілді. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз