Астанада ақша дауы адам ұрлау қылмысына ұласты: алты адам сотталды
Астанада орын алған ақша дауына байланысты жанжал ауыр қылмысқа ұласып, алты азамат адам ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Елорда прокуратурасының мәліметінше, оқиға 2024 жылдың желтоқсан айында болған.
Сот материалдарына сәйкес, күдіктілердің бірі жәбірленушіден орындалмаған қызмет үшін ақша талап еткен. Кейін жанжал барысында ол күш қолданып, жәбірленушіні 80 мың теңгені өз шотына аударуға мәжбүрлеген.
Осыдан кейін алдын ала сөз байласқан топ мүшелері жәбірленушіні Астана қаласы аумағында күшпен алып кеткен.
Тергеу барысында қылмыстың пайдакүнемдік мақсатта және күш қолдану арқылы жасалғаны анықталды. Іс Астана қаласының ауданаралық қылмыстық істер жөніндегі сотында қаралды. Мемлекеттік айыптауды Сарыарқа ауданының прокуратурасы қолдады.
Сот үкімімен бес айыпталушы адам ұрлағаны үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал тағы бір айыпталушы адам ұрлауға жәрдемдескені және өз бетінше билік жүргізгені үшін 7 жыл 6 ай мерзімге сотталды.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз