Сенбі, 20 Маусым 2026 г.

$ 488.18
559.6
6.65
  • Алматы
    23°C
    • Астана
      21°C
Ру

Алматы облысында саудагерлерге айыппұл салынды

Фото көзі: : ашық дереккөзден
ZontNews.kz
Маусым 9, 2026, 3:25 Т.Қ.

Алматы облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын бақылау барысында бірқатар кәсіпкерлердің заң талаптарын бұзғаны анықталды. Бұл туралы ZontNews.kz Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, ЖК «Омаров», Iceberg Distribution ЖШС және «Ар Диас» ЖШС әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін төмен бағамен сатып алып, кейін оларды басқа сауда орындарына 17%-дан 86%-ға дейінгі негізсіз үстемемен қайта өткізген.

Аталған фактілер бойынша жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, заң бұзған кәсіпкерлер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жыл басынан бері өңірде 171 сауда субъектісіне қатысты 643 әкімшілік хаттама толтырылған. Салынған айыппұлдардың жалпы көлемі 3,4 миллион теңгеден асты.

Оның ішінде 467 хаттама әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген сауда үстемесін асыру деректері бойынша рәсімделсе, тағы 176 хаттама сауда заңнамасын бұзғаны үшін толтырылған.

Тексеру барысында бір сауда желісі, бір көтерме сауда орны және 11 кәсіпкерлік субъектісі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне 40%-дан 203,8%-ға дейін үстеме баға қосқаны белгілі болды. Сонымен қатар өңірлік комиссия «Алтын Орда» базары аумағындағы 13 сауда нысанын тексерген.

Нәтижесінде азық-түлік бағасының өсуіне ықпал еткен жеті тиімсіз делдалдың қызметі тоқтатылды. Қазір облыста өндірушілер мен ірі жеткізушілердің бірыңғай тізімі жасақталып жатыр. Сондай-ақ электрондық шот-фактуралар арқылы делдалдық схемаларды анықтау және жою жұмыстары жалғасуда.

Мамандардың айтуынша, қабылданып жатқан шаралар нарықтағы ашықтықты арттыруға, азық-түлік бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге және тұрғындарды қолжетімді өнімдермен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз