Ақтөбелік емшіге 1,5 млн теңге айыппұл салынды
Ақтөбелік емші Бағдагүл Лепесова Баян Алагөзова мен Динара Сәтжанға жала жапқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ZontNews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Ақтөбе қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі соты Лепесованы ӘҚБтК-нің 73-3-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп таныды. Сот оған 1 557 000 теңге көлемінде айыппұл салды.
Іс әлеуметтік желідегі бейнежазбаларға байланысты қаралған. Сараптама қорытындысында бейнематериалдарда жала жабу белгілері бар екені анықталған.
Сот отырысында Бағдагүл Лепесова айыпты мойындамай, бейнероликті өзі жарияламағанын айтты. Қорғаушысы видеолардың монтаж немесе жасанды интеллект көмегімен жасалуы мүмкін екенін алға тартты.
Ал Баян Алагөзова сотта жарияланған ақпараттың ар-намысына тигенін айтып, кешірім мен медиациялық келісімге бармайтынын мәлімдеді.
Сот қаулысына сәйкес, айыппұл 30 тәуліктен кешіктірілмей төленуі тиіс.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз