АҚШ-та қазақстандықтың неге ұсталғаны анықталды
АҚШ-тың көші-қон қызметі Флорида штатында Қазақстан азаматын елде заңды көші-қон мәртебесінсіз жүргені үшін ұстады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz. Ulysmedia.kz редакциясына сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған әйелдің отбасымен байланыс орнатып, қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр.
Үш баланың анасы Әлияның ұсталғаны туралы алғаш рет оның құрбысы Instagram желісінде хабарлаған. Оның сөзінше, АҚШ-тың Иммиграция және кеден полициясының қызметкерлері қазақстандық әйелді 12 қыркүйекте ұстаған. Әйелдің балалары АҚШ-тағы үйінде қалған.
Бұған дейін СІМ өкілдері бұл ақпараттың тексеріліп жатқанын мәлімдеген еді. Кейін ведомство қазақстандықтың ұсталғанын растап, оған елде заңды көші-қон мәртебесінің болмауы себеп болғанын түсіндірді.
ICE – АҚШ-тың көші-қон және кеден заңнамасының сақталуын қадағалайтын федералдық орган. Оның бөлімшелерінің бірі көші-қон тәртібін бұзған немесе елден шығарылуға жататын шетелдіктерді анықтап, ұстайды және депортациялау рәсімін жүргізеді.
Бұған дейін АҚШ федералдық соты Қазақстан мен тағы 74 мемлекеттің азаматтарына қатысты 2026 жылғы 21 қаңтардан бастап қолданылған визалық шектеудің күшін жойған еді. Нью-Йорктің Оңтүстік округінің судьясы Жанетт Варгас 21 тамызда Мемлекеттік департаменттің бұл саясатын заңсыз деп таныды.
Аталған шектеу АҚШ-қа тұрақты тұру үшін көшетіндерге берілетін иммиграциялық визаларға ғана қатысты болды. Осы талап негізінде қабылданған бас тарту шешімдері жойылып, өтініштер қайта қарауға жіберілуге тиіс.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз