Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс тоқтатылды
Атырау облысында қайын жұртын өлтірген Сұлтан Сәрсемалиевтің ісі бойынша оның бұрынғы жұбайы Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты тергеу тоқтатылды, деп хабарлайды ZontNews.kz. Astana TV арнасына сілтеме жасап.
Мұқанғалиева бұған дейін Индонезиядан экстрадицияланған болатын. Оған бастапқыда адам өлтіруге қатысы бар деген күдік келтірілгенімен, кейін қылмыс құрамының болмауына байланысты бұл айып алынып тасталған.
Сондай-ақ оған бұрынғы күйеуінің қылмысын жасырды деген күдік бойынша бөлек іс қозғалған. Алайда тергеу барысында бұл айып дәлелденбеген. Полиция қылмыстық құқық бұзушылық құрамы болмағандықтан істі тоқтатқан.
Сот-психологиялық-психиатриялық сараптама қорытындысы бойынша, Ақбаян Мұқанғалиеваға медициналық бақылау және қосымша тексеру қажет екені анықталған. Қазіргі уақытта ол ем қабылдап жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз