Айтыскер ақын Салтанат Өтелбаева жол апатынан көз жұмды
Белгілі айтыскер ақын, мәдениет қайраткері Салтанат Өтелбаева мен оның жұбайы Мырзабек Қасымов Астана – Қостанай тасжолында болған жол-көлік оқиғасынан қаза тапты, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Қаралы хабарды марқұмның әріптесі Марғұлан Оспанов жеткізді. Оның айтуынша, ерлі-зайыпты қыздары Алтынайдың мектеп бітіру кешіне қатысу үшін жолға шыққан.
Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты Атбасар мен Есіл қалаларының арасындағы жол учаскесінде болған.
Салтанат Өтелбаева – тарих ғылымдарының магистрі, Қазақстанның мәдениет саласының үздігі. Ол Ыбырай Алтынсарин атындағы мемориалдық музей директорының орынбасары қызметін атқарған және республикалық айтыстарда танылған ақындардың бірі болған.
Қазіргі уақытта жол апатының мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.
Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз