Сейсенбі, 5 Мамыр 2026 г.

$ 464.9
543.53
6.16
  • Алматы
    14°C
    • Астана
      17°C
Ру

30 жылдық үнсіздік бұзылды: Тайландта тұратын қазақ қызы ауыр шындығын айтты

Фото көзі: :azattyq.org
ZontNews.kz
Сәуір 20, 2026, 11:28 Т.Ж.
0
15

Шетелде бақуатты өмір сүріп жатқандай көрінген қазақ қызының тағдыры жұртты елең еткізді. Тайландта тұратын Наташа Қалымбетова 30 жыл бойы іште сақтаған ауыр сырын алғаш рет ашық айтып, қоғамда үлкен резонанс тудырды. Бұл туралы ZontNews.kz. Азаттық сайтына сілтеме жасап хабарлады.

Әлеуметтік желілерде саяхатқа толы әдемі өмірін көрсетіп келген Наташа биыл 31 наурызда жариялаған видеосында 17 жасында ауылында төрт жігіттің зорлығына ұшырағанын айтты. Оның сөзінше, қылмыс жасағандар әлі күнге дейін жазаланбай, еркін өмір сүріп жүр.

«Мені қорлап, Жайық өзенінің жағасына тастап кеткен адамдар әлі күнге алаңсыз өмір сүріп жатыр. Сол күннен бері жан тыныштығын таппадым», – дейді ол.

Бұл видеоны TikTok-та 1,5 миллионнан астам адам көрген. Наташа бұған дейін Дубайда тұрып, кейін Тайландқа көшкен. Ұзақ жылдар бойы болған оқиғаны ұмытуға тырысып, жұмысқа, мансапқа ден қойған. Алайда ішкі жара жазылмаған.

Оның айтуынша, сол күннен кейін ер адамдарға деген сенімі жоғалып, жеке өмірінде де қиындықтар туындаған. Бір кездері отбасы құруға талпынғанымен, түрлі себептермен бұл жүзеге аспаған.

Наташа бұл оқиғаны тек анасына ғана айтқан. Анасы қызын ауылдан алыстатып, басқа қалаға жіберген. Ал туыстары бұл тақырыпты ашық қозғамаған.

Желіде жарияланған мәлімдемеден кейін Батыс Қазақстан облысының полициясы 30 жыл бұрынғы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғаған. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде.

Наташа кінәлілер жазаланса, жан жарасының жеңілдеуі мүмкін екенін айтады. Оның сөзінше, әділдік орнаса, өткеннің ауыртпалығы біршама сейілер еді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Әзірге түсініктеме жоқ!
Пікір қалдыратын бірінші адам болыңыз