Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі атанды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысына жаңа әкім тағайындады. Бұл қызметке Мұрат Ергешбаев келді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Ақорданың хабарлауынша, Президент Жарлығымен Мұрат Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалған. Бұған дейін өңірді Нұрлыбек Нәлібаев басқарған болатын.
Мұрат Ергешбаев 1966 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолында Қызылорда облысында түрлі басшылық қызметтер атқарған. Әр жылдары Қызылорда қаласының әкімі, облыстық қаржы басқармасының басшысы болды. Сондай-ақ Қармақшы, Шиелі, Қазалы және Сырдария аудандарын басқарған. 2023 жылдан бері Мәжіліс депутаты қызметін атқарған еді.
Комментариев пока нет!
Станьте первым, кто оставит комментарий