Қазақстандықтар кредиттік тарихын жылына бір рет тегін тексере алады
Қазақстан азаматтары күнтізбелік жыл ішінде бір рет өзінің кредиттік тарихын тегін алуға құқылы. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Кредиттік есепте азаматтың барлық қарыздары мен несиелері, сондай-ақ оларды өтеу тәртібі туралы мәліметтер көрсетіледі. Қаржы ұйымдары жаңа несие беру кезінде осы ақпаратқа сүйенеді.
Кредиттік тарихты Бірінші кредиттік бюроның сайты немесе мобильді қосымшасы, eGov.kz порталы, ХҚО мен «Қазпошта» бөлімшелері, сондай-ақ Мемлекеттік кредиттік бюро арқылы алуға болады.
Егер есепте қате ақпарат анықталса, азаматтар банкке немесе микроқаржы ұйымына жүгініп, тиісті құжаттар арқылы деректерді түзете алады. Сондай-ақ қате мәліметтерге Бірінші кредиттік бюроның сайтында тегін түрде шағымдану мүмкіндігі қарастырылған.
Мамандар қаржылық қауіпсіздікті күшейту үшін «Кредиттік тарихты бақылау» қызметін қосуды ұсынады. Бұл сервис кредиттік тарихтағы өзгерістер, жаңа қарыздар немесе мерзімі өткен төлемдер туралы жедел хабарлама алуға мүмкіндік береді.
Комментариев пока нет!
Станьте первым, кто оставит комментарий