Пятница, 24 апреля 2026 г.

$ 463.15
542.27
6.19
  • Алматы
    18°C
    • Астана
      20°C
Kz

Қазақстанда күн суытып, жаңбыр жауады – синоптиктер болжамы

Источник фото: : istockphoto.com
ZontNews.kz
20 апреля 2026 г. 15:05
0
15

"Қазгидромет" мамандары 21–23 сәуір аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, Мәскеу аудандарынан келетін циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Елдің көп бөлігінде жаңбыр жауады, ал 23 сәуірде оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде нөсер жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Ауа температурасы да төмендейді:
– Батыс өңірлерде күндіз +7…+17°C,
– Солтүстікте +13…+20°C,
– Орталықта +15…+23°C,
– Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +15…+20°C шамасында болады.

Айта кетейік, бұған дейін мамандар 2026 жылдың мамырына арналған ұзақмерзімді болжам жариялап, ел бойынша ауа райы әдеттегіден жылырақ болады деп хабарлаған еді.

Что думаете об этом?

Комментариев пока нет!
Станьте первым, кто оставит комментарий