Суббота, 11 апреля 2026 г.

$ 473.19
553.17
6.15
  • Алматы
    16°C
    • Астана
      11°C
Kz

АҚШ блогері мен министрлік арасында дау шықты

Источник фото: : Бейнеден кадр
ZontNews.kz
9 апреля 2026 г. 14:37
0
13

Америкалық танымал тревел-блогер Коннор Қазақстанның Туризм және спорт министрлігіне қатысты шағым білдірді. Оның айтуынша, ресми шақырту алғанына қарамастан, елге келгенде оны ешкім қарсы алмаған. Алайда ведомство бұл мәлімдемені жоққа шығарды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Блогер Camperghini парақшасында Қазақстан шекарасында түсірілген видеоны жариялап, Lamborghini Urus көлігін автоүйге айналдырып, әлемді аралап жүргенін айтты. Оның сөзінше, сапар алдында барлық жоспарлар келісілгенімен, келген күні ешқандай ұйымдастыру болмаған.

«Елге ресми шақырылғаныңды елестетіп көрші. Барлығын алдын ала келісесің, ал келгенде сені ешкім қарсы алмайды», – деді ол. Сондай-ақ блогер өзін Қырғызстандағыдай арнайы қарсы алады деп күткенін жеткізді.

Ал Туризм және спорт министрлігі блогердің бұл сөздерін теріске шығарды. Ведомство мәліметінше, жеке тұлғаларды арнайы шақыру тәжірибесі жоқ.

Сонымен қатар министрлік Kazakh Tourism ұлттық компаниясы блогермен хат алмасқанын растады. Алайда келіссөздер нақты келісімге келмей аяқталған.

Что думаете об этом?

Комментариев пока нет!
Станьте первым, кто оставит комментарий