Четверг, 30 апреля 2026 г.

$ 461.77
539.58
6.16
  • Алматы
    24°C
    • Астана
      24°C
Kz

Ақордадағы кездесу: Тоқаев пен Бабиш не туралы сөйлесті

Источник фото: Фото: Ақорда
ZontNews.kz
30 апреля 2026 г. 10:27
0
7

Ақордада Қазақстанға ресми сапармен келген Чех Республикасының премьер-министрі Андрей Бабишті қарсы алу рәсімі өтті, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Кездесу аясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Чехия үкіметінің басшысы шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Президент Тоқаев қонақты жылы қарсы алып, екі ел арасындағы қарым-қатынастың берік әрі достық сипатта дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Чехия арасындағы сауда-экономикалық байланыс тұрақты өсіп келеді, ал халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимыл серіктестікті одан әрі нығайта түсуде.

– Екі ел арасында бұрыннан тығыз әрі достық қарым-қатынас орнаған. Сауда-саттық табысты дамып келеді. Кеше Астанада өткен бизнес-форум нақты нәтижелер береді деп сенемін. Чех кәсіпкерлерінен құралған үлкен делегацияны ертіп келгеніңіз үшін алғыс білдіремін. Біз ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өз кезегінде Андрей Бабиш көрсетілген құрмет пен қонақжайлық үшін алғыс айтып, Қазақстанның өңірдегі рөліне жоғары баға берді.

– Қазақстан – Орталық Азиядағы маңызды мемлекет. Бұл елге сапармен келу мен үшін үлкен мәртебе. Сіздерді жаңа Конституция қабылдаумен құттықтаймын. Қазақстан энергетика саласында, әсіресе уран өндірісі бойынша әлемде жетекші орындардың бірін алады. Сонымен қатар, жасанды интеллект бағытындағы жетістіктеріңіз де ерекше әсер қалдырды, – деді Чехия премьер-министрі.

Ол сондай-ақ Қазақстанмен байланысының бұрыннан бар екенін атап өтті. Айтуынша, 1978 жылы оқуын аяқтаған соң Шымкент пен Жамбыл қалаларымен жұмыс істеген.

Кездесу барысында тараптар энергетика, инвестиция және жаңа технологиялар салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады. Екі ел үкіметтері алдағы уақытта өзара әріптестікті одан әрі дамытуға ниетті екенін жеткізді.

Что думаете об этом?

Комментариев пока нет!
Станьте первым, кто оставит комментарий