Трамптың портреті бар АҚШ паспорттары беріле бастады
АҚШ-та ел тәуелсіздігінің 250 жылдығына орай шығарылған Patriot Passport атты шектеулі сериядағы паспорттар беріле бастады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Жаңа құжаттың ерекшелігі – ішкі мұқабасына АҚШ президенті Дональд Трамптың портреті енгізілген. Бұл – АҚШ тарихында қызметтегі президенттің бейнесі ресми паспортқа алғаш рет орналастырылған жағдай.
Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, жаңа дизайндағы паспорттар барлық заманауи қорғаныс элементтерімен жабдықталған және заңдық күші кәдімгі америкалық халықаралық паспортпен бірдей.
Бастапқыда паспорттар тек Вашингтонда берілсе, енді Чикаго, Нью-Йорк, Лос-Анджелес, Даллас, Детройт және басқа қалалардағы паспорт орталықтарында да рәсімделіп жатыр. Жоғары сұранысқа байланысты қосымша 250 мың дана Patriot Passport шығарылады.
Жоба АҚШ-тың America250 мерейтойлық бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр.
Комментариев пока нет!
Станьте первым, кто оставит комментарий