VietJet әуе компаниясының Airbus A330 ұшағы Астанадан Нячангқа бағыт алған болатын. Ұшақ Қарағандыға дейін жетіп, кейін кері қайтты, деп жазады ZontNews.kz.
Әлеуметтік желілерде рейсті көпшілік бақылап отырды.
«Ұшақты ұшу алаңына қайтару туралы шешімді экипаж командирі авиациялық ережелерге толық сәйкес және жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылдады», – деп хабарлады Астана әуежайының баспасөз қызметі.
Ұшақ жоспарға сай қонды, оған қызмет көрсету үшін қажетті барлық бөлімдер жұмылдырылды.