TikTok АҚШ компанияларының бақылауына өтеді – Трамп жарлығы

Фото: Yahoo

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалық инвесторларға TikTok қосымшасын сатып алып, оның елдегі қызметін бақылауға мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Құжатта әлеуметтік желінің АҚШ компанияларының бақылауына өтіп, жұмысын жалғастыратыны көрсетілген. Алгоритмдер ел нарығы үшін «жаңа әрі қауіпсіз» нұсқаға қайта бейімделмек.

«Бұл толықтай америкалық кәсіпорынға айналады. Қытай төрағасы Си Цзиньпинге құрметім шексіз және құжатты қолдағаны үшін алғыс айтамын. Себебі мәмілені дұрыс аяқтау үшін Қытайдың қолдауы аса маңызды болды», – деді Трамп.

Дегенмен келісімнің негізгі шарттары бекітілгенімен, оған нақты кімдердің қатысатыны әзірге белгісіз. Трамптың айтуынша, Oracle компаниясы мен оның тең құрылтайшысы Ларри Эллисон келісімде басты рөл атқарады. Сондай-ақ жобаға кәсіпкер Майкл Делл және медиамагнат Руперт Мердоктың қатысатыны айтылды.

Мәміле шамамен 14 миллиард долларға бағаланып отыр. АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс TikTok енді «американдықтарға қарсы үгіт-насихат құралы ретінде пайдаланылмайтынын» мәлімдеді. Оның сөзінше, америкалық қолданушылар қосымшаны бұрынғыдан да сенімді пайдалана алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *