The Guardian Дастан Сатпаевті әлемнің ең дарынды жас футболшылары қатарына қосты

Фото: "Қайрат" ФК

«Қайрат» клубының және Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев әлемдік спорт басылымдарының назарын өзіне аударды. Британдық The Guardian газеті 17 жастағы ойыншыны әлемнің ең үздік 60 жас футболшысының қатарына енгізді, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Басылым бұл тізімге «Пари Сен-Жермен», «Барселона», «Бавария» және алматылық «Қайраттың» өкілдерін енгізген. The Guardian мәліметінше, «Челси» Сатпаевты қаңтар айында 4 миллион еуроға сатып алу арқылы тиімді келісім жасаған.

«Челси Сатпаевты 4 миллион еуроға алғанына риза болуы керек. Ол жоғары жылдамдық пен техниканы өз жасына тән емес шешім қабылдау қабілетімен үйлестіре біледі. Клуб оның әлеуетін 2026 жылдың тамызында “Стэмфорд Бриджге” келгенде Премьер-лигада толық көрсете алады деп үміттенеді», — деп жазады басылым.

Тізімге 2008 жылы туған футболшылар енген. Transfermarkt бағалауынша, ең қымбат ойыншылардың қатарында «Баварияның» Леннарт Карлы (20 миллион еуро) мен «Пари Сен-Жерменнің» Ибрагим Мбайесі (15 миллион еуро) бар.

Дастан Сатпаев өткен маусымда «Қайраттың» жастар командасында ойнап, кейін негізгі құрамда дебют жасаған. 2025 жылдың басында оны лондондық «Челси» сатып алып, әзірге «Қайрат» сапында қалдырды. Биыл Сатпаев тұрақты түрде негізгі құрамда ойнап, ұлттық құрама шақырту алды. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде ол жеті матчта үш гол соғып, командасына топтық кезеңге шығуға көмектесті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *