Starlink Қазақстанда спутниктік интернет қызметін іске қосты

Фото: Mike Segar

2025 жылғы 13 тамыздан бастап Starlink компаниясы Қазақстанда спутниктік интернетті ресми түрде ұсына бастады, деп жазады ZontNews.kz.

Енді еліміздегі пайдаланушылар SpaceX-ке тиесілі төмен орбиталы Starlink спутниктері арқылы жоғары жылдамдықты әрі тұрақты интернетке қосыла алады.

2025 жылғы 12 маусымда цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен Starlink қызмет көрсету кезінде ұлттық заңнаманы толық сақтау туралы келісімге қол қойған. Келісім аясында ақпараттық қауіпсіздік пен байланыс саласындағы барлық талаптар орындалуы тиіс.

Starlink технологиясы шалғай және инфрақұрылымы әлсіз аймақтарда да тұрақты интернет қосылуын қамтамасыз етіп, тұрғындарға заманауи цифрлық сервистерді пайдалану мүмкіндігін береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *