Белгілі рэпер Р. Diddy лақап атымен танымал Шон Комбс, бірнеше күннен кейін сот шешімін алады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Нью-Йорк федералдық прокурорлары Комбсті 11 жылға бас бостандығынан айыруды және 500 мың доллар көлемінде айыппұл салуды сұрап отыр.
«55 жастағы продюсер әйелдерді сексуалдық оргияларға қатысуға мәжбүрлеген, жыныстық қызметкерлерді штаттар арасында тасымалдаған және бұл әрекеттерді видеоға түсірген», – деп атап өтті прокурорлар.
Сонымен қатар оның бұрынғы құрбылары, оның ішінде әнші Кэсси Вентура, жүйелі зорлық-зомбылық пен қорқытуға ұшырағанын мәлімдеді. Кэсси әлі күнге дейін өз отбасының қауіпсіздігі үшін қорқыныш сезімін бастан кешіріп жүр.
Шілде айында Комбс Манн заңы бойынша екі бап бойынша кінәлі деп танылды, әр бап бойынша 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Алайда сот ол үшін ең ауыр айыптар – рэкет және адамдарды сексуалды мақсатта саудалау – бойынша кінәлі деп танымады. Қорғау жақ Комбстің 13 айлық түрмеден кейін өзгергенін алға тартып, ең көбі 14 айға сотталуы керегін айтты.
Сот шешімі жұма күні жарияланады.
Бұған дейін БАҚ P. Diddy-ді Тупак Шакурдың өліміне қатысы бар деп хабарлаған. «Крипс» банданың бұрынғы мүшесі Дуэйн Дэвис Комбс рэперді өлтіруге миллион доллар ұсынғанын айтқан. Рэпер бұл айыптарды жоққа шығарады.