Air Astana бас директоры Питер Фостер қызметінен кетеді

Фото: inbusiness.kz

«Air Astana» директорлар кеңесі Питер Фостер 2026 жылдың наурыз айының соңында бас атқарушы директор және директорлар кеңесінің мүшесі қызметтерінен кететінін хабарлады, деп жазады ZontNews.kz.

Компанияны жиырма жыл басқарған Питер Фостердің орнына қаржы жөніндегі атқарушы директор Ибрахим Жанлыел бас атқарушы директор қызметін атқарады.

Фостер компаниялар тобымен ынтымақтастығын жалғастырып, директорлар кеңесіне аға кеңесші ретінде кіретін болды.

«Директорлар кеңесі Питер Фостерге компанияны жиырма жыл бойы табысты басқарғаны үшін алғыс білдіреді. Оның жетекшілігімен Air Astana Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші әуе компаниясына айналып, әлемдік авиация саласында мойындалған брендке айналды», – деп мәлімдеді ұлттық компания.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *