1991 жылы осы күні Семей ядролық сынақ полигоны ресми түрде жабылды. Осыған байланысты Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа үндеу жасады, деп хабарлайды Zontnews.kz.
Мемлекет басшысы бұл күннің БҰҰ Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен бекітілгенін атап өтті.
«Халқымыз атом қаруын сынаудан қатты зардап шекті. Мұндай қасірет қайталанбауға тиіс. Біз кейінгі ұрпақтың жарқын болашағы үшін бейбітшілікті нығайтып, халықаралық әріптестікті дамыта түсуіміз керек. Ядролық қарудан және сынақтардан біржола бас тартуға күш салуымыз қажет. Бейбітшілік пен қауіпсіздік – бүкіл адамзатқа ортақ ең басты құндылықтар», – деді президент.