Францияның премьер-министрі Себастьен Лекорню тағайындалғанына бар-жоғы 27 күн өткен соң отставкаға кетті. Бұл – Франция тарихындағы ең қысқа мерзім премьер-министр болған саясаткер, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Лекорню Эммануэль Макрон ұсынған жаңа министрлер кабинеті жарияланғаннан кейін отставкаға өтініш берді. Үкіметтің жаңа құрамы қоғам мен саясаткерлер тарапынан сынға ұшырады.
Жаңартылған үкімет құрамында Ішкі істер министрі Бруно Ретайо мен Әділет министрі Жеральд Дарманен өз орындарын сақтап қалды. Бұл шешімге оппозиция да, билік өкілдері де сыни пікір білдірді. «Ұлттық бірлестік» партиясының жетекшісі Джордан Барделла жаңа үкіметтен «ешқандай серпіліс күтпегенін» айтты. Ал Ретайо үкіметтің уәде еткен өзгерістерін жүзеге асырмағанын атап өтті.
Лекорню отставкаға кеткенге дейін ешқандай саяси мәлімдеме жасаған жоқ. Оның Ұлттық ассамблеядағы алғашқы бағдарламалық сөзі 7 қазанға жоспарланған болатын.
Премьер-министр қызметін уақытша Франсуа Байра атқаратын болды. Ол Конституцияның 49.3-бабының негізінде заңдарды парламент талқылауынсыз қабылдаудан бас тартатынын мәлімдеді.