19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты өлтіргендердің апелляциялық шағымы қаралды

Фото: әлеуметтік желі

Әскери соттың апелляциялық алқасы 19 жастағы Жасұлан Әбдіманапты өлтіргені үшін сотталған тұлғалардың шағымдарын қарады, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Түркістан облысында биыл ақпанда Жасұлан Әбдіманап 14 пышақ жарасынан қаза тапқан. Осы қылмыс бойынша ефрейтор Мурод Әбдіжәмілов 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның серіктері Диас Ибрагимов пен Адина Мамаева да ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған: Ибрагимов екі жыл сегіз айға, ал Мамаева төрт жылға бас бостандығынан айырылған.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Нұртуған Өмірзақ алдын ала сөз байласу арқылы топтасып жасалған кісі өлтіру ісін қайта қарауды және моральдық зиян сомасын ұлғайтуды сұрады.

Сотталғандардың адвокаттары олардың кінәсі дәлелденбегенін, тек жанама дәлелдерге сүйенілгенін айтып, істі тоқтатуды талап етті.

Әскери соттың апелляциялық алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

Сот материалдарына сәйкес, марқұмның атына алынған несиелер сотталғандардың Жасұланды өлтіруіне себеп болған. Мурод Әбдіжәмілов мүгедек жігітті өлтіріп, денесін айдалаға тастаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *