15 жастағы қызды жүкті қылған 71 жастағы туысының ісін жылы жапқан полицейлер тексерілуде

Фото: gov.kz

Түркістан облысында 15 жастағы қыз 71 жастағы туысынан зорлық көріп, одан жүкті болғаны белгілі болды, деп хабарлайды ZontNews.kz.

Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиеваның айтуынша, қыз қаңтарда Астанада босанған, алайда анасы арызды тек қазанда берген.

Оның сөзінше, қыз босанған кезде Астанадағы аурухана полицияға хабар берген. Қалалық департамент істі тіркеп, материалды Түркістан облысына жолдаған. Алайда Келес аудандық полициясы материалды номенклатуралық іске қосқан.

Қазір бұл оқиға бойынша Ішкі істер министрлігі мен прокуратура тексеріс жүргізіп жатыр. Облыстық уәкіл оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жергілікті жерде жұмыс істеп жатыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *