Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында бірқатар азаматты марапаттады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Мемлекет басшысының жарлығында биыл ерекше назар еңбек адамдарына және ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға аударылғаны көрсетілген.
Ақорда мәліметінше, марапат алғандардың қатарында 138 еңбек әулетінің өкілі, сондай-ақ өнеркәсіп, көлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы және өзге салалардан 500-ге жуық қызметкер бар.
Сонымен қатар 200-ге тарта шағын және орта бизнес өкілдері, 130-дан астам ұстаз бен ғалым және 100-ден астам медицина қызметкері марапатталды.

