Өскеменде прокуратура басшылығы ауысты, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Қала прокуроры болып Руслан Әлішев тағайындалды. Бұған дейін бұл қызметті Тимур Шақпантаев атқарған.
Руслан Әлішев Жамбыл облысының тумасы. Прокуратура жүйесінде 2008 жылдан бері қызмет етеді. Еңбек жолын туған өңірінде бастаған. Соңғы қызметі – Абай облысы прокурорының орынбасары.
Тимур Шақпантаев қызметінен дау-дамайдан кейін босатылды. Ақпарат көздерінің мәліметінше, ол бағыныстыларын ұрып-соққан. Бұл жайт бойынша жоғары органдар тексеру бастаған.
Сондай-ақ кадрлық ауысым басқа өңірлерде де жалғасып жатыр. Бұған дейін жаңа прокурорлар Ақтау мен Атырауда тағайындалған. Бас прокуратура өкілдері бұл өзгерістерді «жоспарлы кадрлық ротация» деп түсіндірді.

