Өскеменде 600 млн теңгеге жөнделген көпір опырылды

Фото: Видеодан кадр

Өскеменде 600 миллион теңгеге жөнделген көпірдің бір бөлігі опырылды, деп жазады ZontNews.kz.

Әкімдік мәліметінше, оқиға орнына арнайы қызметтер жұмылдырылып, жергілікті деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Қала тұрғындарынан оқиға аймағына жақындамау сұралды.

«Жағдайды бағалау үшін Алматыдан мамандар шақырдық. Қынжылтатыны – көпірге екі жыл жөндеу жүргізіліп, 600 миллион теңге жұмсалған. Қалпына келтіру жұмыстары мердігерлер есебінен жасалады», – деді қала әкімі Алмат Ақышев.

Ол соңғы үш күндегі нөсердің өзен деңгейін көтергенін де айтты.

Әкімнің айтуынша, бұл көпір қаладағы көлік қозғалысын жеңілдететін маңызды нысан болған. Оны екі-үш ай ішінде толық қалпына келтіру жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *