Өскеменде кеше үш жасар бала тұрғын үйдің алтыншы қабатынан құлап, төмендегі дәмхананың жабынына түсті, деп жазады ZontNews.kz.
Оқиға Карбышев көшесіндегі үйде болған.
Дәрігерлер баланың «ашық бас сүйек-ми жарақаты және ми соққысын» анықтады. Қазір ол Ана мен бала орталығының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр, дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп, барлық қажетті көмекті көрсетуде.
Полиция дерегінше, оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бұл – жыл басынан бері тіркелген балалардың терезеден құлауына қатысты сегізінші жағдай.