Қазақстандық әнші Бейбіт Қорған Атырауға ұшқан әуе рейсінде тәртіп бұзғаны үшін айыппұл арқалады, деп хабарлайды ZontNews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, ол балағат сөздер айтып, жолаушылардың мазасын алған. Сондай-ақ әуе компаниясының талаптарына бағынудан үзілді-кесілді бас тартқан.
Ұшақ қонғаннан кейін полиция қызметкерлері Қорғанды әуежайда күтіп алып, «кішігірім бұзақылық» және «құқық қорғау қызметкерінің талабына бағынбау» баптары бойынша хаттама толтырды.
Атырауда өткен сот отырысында Бейбіт Қорған кінәлі деп танылып, 196 мың теңге айыппұл салынды.